Қазақ тілінде еркін сөйлейтін француз азаматы жұртты тәнті етті

341

Әлеуметтік желіде қазақ тілінде еркін сөйлеген француз азаматының бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақ тілінде еркін сөйлейтін француз азаматы жұртты тәнті етті Фото: Бейнежазбадан

Франция азаматына Қазақстан, атап айтқанда Қостанайдан Еуропаға көлікпен барған азаматтары кездесіп қалған. 11 мың шақырымды басып өткен қазақстандық туристерге Франция азаматы “ойбай, қиын болмады ма?” деп сұрақ қояды. “Қиын болды” деп жауап берді. 

Ол бұрын Қазақстанда 16 жыл бойы жұмыс істегенін айтты.

“16 жыл болдым. Петропавлда, Алматыда болдым. Франциядамыз. Жақсы сапар болсын”, – дейді француз азаматы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу