Қазақ-түрік кәсіпкерлері 30 құжатқа қол қойды

865

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев басымдық берілген инвестициялық жобаларға барынша қолдау көрсетуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақ-түрік кәсіпкерлері 30 құжатқа қол қойды

Түркиядағы бизнес өкілдерінің басқосуында Президент елімізде инвесторлар үшін өте қолайлы орта қалыптасқанын жеткізді.

"Бұл кездесу Қазақстан мен Түркияның сауда-экономикалық ынтымақтастығын нығайта түсуге септігін тигізері сөзсіз. Бүгін біздің елдеріміздің компаниялары арасында 30 коммерциялық құжатқа қол қойылды. Оның бәрі қос елдің алыс-берісін жандандыруға тың серпін береді деп сенемін. Баршаңызды бізбен бірлесіп, өзара тиімді жұмыс істеу үшін Қазақстанға шақырамын. Ең басты мәселе – қол жеткізетін келісімдерді жүзеге асыру. Бұл өте маңызды. Сондықтан олар менің жеке бақылауымда болады. Жұмысымыз табысты болсын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу