Қазақ-түрік лицейлері жаңа атауға ие болады

1716

Қазақ-түрік лицейлері жаңа атауға ие болады

Қазақ-түрік лицейлерінің атауы өзгереді. Бұл туралы KATEV қоғамдық қорының баспасөз қызметі мәлім етті.

"Қор жетекшілігінің (Қордың құрылтайшылары мен ғылыми-әдістемелік кеңесі) шешімімен оқушылар қоғамдастығы, ата-аналар мен ҚТЛ директоры ҚТЛ-дің ребрендингіне келісім беріп, бұл атауды Қазақстан Республикасының 25 жылдығына қарсаңында "Білім – инновация лицейі" деп өзгертеді", - делінген таратылған хабарламада.

Сонымен бірге, баспасөз қызметінде қор қызметі жаңа жобалар мен идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жаңа бағыттар бойынша дамитындығын атап өтті.

Мұның алдында еліміздегі Түркия елшісі Невзат Уянык Қазақстанда Түркия үкіметі ресми қолдайтын оқу орны тек Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті екенін мәлімдеген болатын. "ҚР аумағында жұмыс істеп жатқан және "қазақ-түрік мектептері" атауын қолданып жүрген қалған оқу орындары біздің елдің мемлекеттік органдарына еш қатысы жоқ", – деп мәлімдеді ол.

Алайда, Қазақстанның білім және ғылым министрлігі лицейлерді жабудан бас тартып, оқу орындарының Түркияға қатысы жоғын, ал білім беру саясатын қазақстандық және халықаралық стандарттар негізінде құрып отырғанын айтып өтті.

Kaz.tengrinews.kz 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу