Заң мынадай тәртіпті белгілейді:
- Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен өзге де мүлікті өткізу;
- шаруашылық, кәсіпшілік, зерттеу, ізденіс немесе өзге де қызметті жүргізу, -қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу;
- Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын күтіп-ұстау.
Көрсетілген мемлекеттік шекара учаскесіндегі режимге мемлекеттердің бірлескен қызметімен қолдау жасалады және оның мәселелері Келісімде, ұлттық заңнамада және мемлекеттер қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарда регламенттеледі.
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 8) тармақшасына сәйкес Келісім ратификациялануға жатады.
Парламент Мәжілісінің барлық комитеттері оң қорытындылар берді.
Осы жайттарды ескере отырып, Мәжіліс "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркіменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қабылдады.