Қазақ туристері Түркияда тентіреп қалды

3505

Қазақ туристері Түркияда  тентіреп қалды

Анталияда тентіреп қалған туристерге Қазақстан елшілігі жәрдем беруде. Сыртқы істер министрлігі оларды қонақ үйге жайғастыру жұмысының жүргізілгенін айтады. Бұл шамамен 24 адам. Арасында 8 бала бар.

Анықталғандай, Қара теңіз жағасында тіркелген жайсыздыққа Түркияның "ELITE CLASS" туристік фирмасының банкротқа ұшырауы себеп болыпты. Сөйтіп, Sueno Belek қонақ үйі қонақтарды қабылдамаған. Қазір аталмыш туроператордың Қазақстандағы "Kompas" компаниясынан басқа қанша серіктесінің бары анықталып жатыр. Өйткені "ELITE CLASS"-пен келісім-шарт жасасқан өзге де отандық компаниялардың туристері де дәл осындай жағдай ұшырауы мүмкін. Сондықтан Туризм комитеті қазақ саяхатшыларына шетелге аттанбас бұрын, алдымен қонақ үйге тапсырыстың барын біліп алуға кеңес беріп отыр.

Әнуар Жайнақов, ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі: "Кеше Анталияға келген туристердің барлығы да бүгін қонақ үйлерге жайғастырылды. Жолдама ақылары төленді. Оған елшілікпен тығыз байланыстағы сондағы туроператордың бірі жәрдем берді. Жалпы шығын көлемі 30 мың долларды құрап отыр."

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу