Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бұрынғы ректоры 7 жылға сотталды

1033

Университетке 95,5 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген.  

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бұрынғы ректоры 7 жылға сотталды Фото: facebook/Qyzdar Universitetı

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бұрынғы ректорына қандай үкім шыққанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Агенттік таратқан ақпаратқа сүйенсек, Қарасай аудандық сотының үкімімен бұрынғы ректор – "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің" КЕАҚ басқарма төрағасы Гаухар Алдамбергенова, ректордың кеңесшісі Қожантаев (Алдамбергенованың туған ағасы) және "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалының Қарасай Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімінің басшысы Журунов кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Осы үкіммен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, бөлім басшысының орынбасары Д.Жұмаділ мен бөлім маманы Е.Кемал шартты түрде 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Барлық сотталғандарға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі жаза қолданылды", - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан ақпаратта.

Тергеу барысында сотталғандар жалған тұлғаларға тіркеп, университеттің 9 га жер телімін сегментке бөліп, өзге адамдарға сатқаны дәлелденді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу