Қазақ әншісі Echo of Nomads байқауында күміс жүлде иеленді

352

Байқауға әлемнің 20 елінен өнерпаздар қатысты. 

Қазақ әншісі Echo of Nomads байқауында күміс жүлде иеленді Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті колледжінің "Эстрадалық вокал" мамандығында білім алып жатқан 3-курс студенті Жасмина Тілеумбетова Қырғызстандағы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өткен Echo of Nomads халықаралық этникалық ән байқауында екінші орын иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ең жас қатысушылардың бірі болған Жасмина дәстүрлі және этникалық музыка саласындағы тәжірибелі орындаушылармен қатар өнер көрсетіп, байқау қорытындысы бойынша күміс жүлдеге ие болды.

Жас әнші халықаралық сахнада Е.Тілепбердиевтің сөзіне, Б.Тәжіновтың музыкасына жазылған "Ұлы дала иесі" әнін орындады. Ұлы даланы, ұлттық мәдениет пен рухани мұраны арқау еткен туындыға халықаралық қазылар алқасы жоғары баға берді.

Echo of Nomads байқауы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өтті. Биыл ойындарға 120 елдің өкілдері қатысып, соның ішінде 62 мемлекет мәдени іс-шараларда өнер көрсетті. Спорттық жарыстармен қатар, бағдарламада этномәдени жобалар, ғылыми алаңдар мен халықаралық шығармашылық байқаулар ұйымдастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу