Қазақ ұлттық өнер университетіне ресми түрде Күләш Байсейітованың есімі берілді

246

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.

Қазақ ұлттық өнер университетіне ресми түрде Күләш Байсейітованың есімі берілді  Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақ ұлттық өнер университетіне ресми түрде аты аңызға айналған опера әншісі Күләш Байсейітованың есімі берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еске сала кетейік, оқу орнын қайта атау туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдап, бұл туралы өткен жылы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде жариялаған болатын.

Мемлекеттік қайта тіркеу рәсімі аяқталғаннан кейін, оқу орнына "Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті" атауы ресми түрде берілді.

Бұл маңызды оқиға Күләш Байсейітованың ұлттық мәдениет пен қазақ өнеріне қосқан зор үлесін айшықтап, оның мол мұрасын жас ұрпаққа дәріптеудің айқын көрінісі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу