Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне стадион мен оқу корпусы қайтарылды

215

Бұл туралы Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне стадион мен оқу корпусы қайтарылды Фото: ҚазҰПУ

Қазақ ұлттық педагогикалық университеті оқу ғимараттары мен стадионын қайтарып алды. Горький саябағының аумағында орналасқан 5 гектар спорт нысаны бұрын жеке тұлғаларға заңсыз берілген және бұл факті сотта дәлелденді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жеке тұлға бес жыл футбол алаңын коммерциялық мақсатта пайдаланған. Ал 16 мың студенттің дене шынықтырумен толық айналысуға мүмкіндігі болмады.

Университеттің бұрынғы басшылығы бұған дейін жалпы ауданы бір жарым мың шаршы метр болатын екі оқу ғимаратын заңсыз сатып жіберген. Сонымен бірге студенттер орын тапшылығын бастан кешірді деп хабарлады прокуратура.

“Медеу аудандық прокуратурасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің мүлкін заңсыз сату фактілерін анықтады. Медеу аудандық прокуратурасының қадағалау актілері бойынша заңды күшіне енген сот шешімдерімен мүліктік нысандар Ұлттық университетке қайтарылды”, – деп мәлімдеді Алматы прокуратурасының ресми өкілі Райымбек Шәріпбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу