"Қазақ жауынгері" қыркүйекте рингке оралады

199

Қарсыласы әзірге белгісіз.

"Қазақ жауынгері" қыркүйекте рингке оралады Фото: Irfin Promotions

Қытайда туып-өсіп, "Қазақ жауынгері" лақап атымен кәсіпқой бокста өнер көрсетіп жүрген қандасымыз Елшат Нығметолла (19-0-1, 6КО) қыркүйекте кезекті жекпе-жегін өткізбекші, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Irfin Promotions компаниясының хабарлауынша, отандасымыз 21 қыркүйекте Алматыда өтетін кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шығады.

Қарсыласы әзірге белгісіз.

Айта кетерлігі, Елшат Нығметолла кәсіпқой бокста 2019 жылдан бастап Қазақстанның намысын қоғап жүр.

Елшат Нығметолла – қазақстандық танымал боксшы Қанат Исламның жерлесі.

30 жастағы спортшы 2014 жылы кәсіпқой боксқа ауысып, 2016 жылы WBO тұжырымы бойынша Қытай чемпионы, 2018 жылы WBC тұжырымы бойынша Азия чемпионы атанған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу