Қазақ жерінен табылған "Алтын адам" алғаш рет шетелге шығарылды

1054

Қазақ жерінен табылған "Алтын адам" алғаш рет шетелге шығарылды

Қазақ жерінен табылған "Алтын адам" алғаш рет шекара асып, шетелге шығарылды. Енді ұлы даланың төсін кезген көшпенділердің өнері күллі жаһанға көрсетіледі, деп хабарлайды 24.kz.

"Алтын адам" әлем музейлерін аралайды" деп аталатын халықаралық жобаның алдымен ат басын бұрған өңірі – Беларусь Республикасы. Бұл елдегі ұлттық көркемөнер музейінде Қазақстаннан әкелінген жауһар жәдігерлер қойылды. Көрме ашылмай жатып-ақ жұрт оны әлем өнеріндегі басты шара деп бағалап үлгерді. Беларусь астанасындағы Көркем мұражайдың басты залына қойылған жәдігерлер теңдесі жоқ бірегей. Мұнда 232 экспонат пен сап алтыннан жасалған 120 әшекей бар. Халықаралық жоба елдің мәдени өміріндегі басты шараға айналды. Өйткені біздің заманымызға дейінгі VII ғасырдағы, яғни темір дәуіріндегі асыл бұйымдар адамзат тарихындағы ең ежелгі жәдігерлер болып саналады.

"Бұлар – түпнұсқалар. Менің ойымша, біздің көрермендер бұл жәдігерлермен алғаш рет танысайын деп отыр. Тіпті бүкіл ТМД елдерінің ішінде бірінші десем де болады. Ал мына "Алтын адам" – көрменің басты жәдігері. Ол қазір қала көшелерінің барлық жарнамалық тақтасында ілініп тұр. Өйткені соған лайық", - дейді Беларусь Ұлттық көркем мұражайының жетекші ғылыми қызметкері Алла Гаврилова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу