2016 жылдың қорытындысы бойынша Қытайдың үздiк аниматоры болып этникалық қазақ жiгiт Арысбек Нұханұлы танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қытай төрешiлерi Арысбектiң екi халық арасындағы достықтың нығаюына көп үлес қосқанын атап өттi. Арысбектiң 8 минуттық "Мен жайлауданмын" атты мультфильмi Айбар деген баланың ерлiгiн баяндайды екен. Айбар балалығына қарамай әкесi екеуiнiң бiр отар қойын қорғаймын деп қасқырлармен арпалысқан. Былтыр Арысбектiң мультфильмi қытай студенттерi арасындағы кинофестивалдiң 1-орнын, ал Азия жастарының кинофестивалiнде бас жүлде иеленген. Қазiр Арысбек Ұлы Жiбек жолының тарихы туралы 90 минуттық мультфильм жасауға кiрiскен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу