Қазақ жігіті Лондонның беделді ауданында мэр атанды

Ол бұл қызметке небәрі 33 жасында келіп отыр. 

Қазақ жігіті Лондонның беделді ауданында мэр атанды Фото: instagram.com/sanabishev

Ұлыбритания астанасындағы танымал аудандардың бірі – St. James округінің мэрі болып қазақ жігіті Санжар Әбішев сайланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Санжар Әбішев – кәсіпкер Азат Әбішевтің ұлы. Ол Ұлыбританиядағы танымал оқу орындарының бірі саналатын Malvern колледжінде білім алып, кейін жоғары оқу орнын бітірген. 

Сайлау қорытындысында Санжар Әбішев Лондонның Westminster City Council атқарушы органының құрамына өтті. Ол Консервативтік партия атынан сайлауға түсіп, негізгі қарсыласы Лейбористік партия өкілінен 350 дауыс артық жинады. 

St. James ауданы Лондонның тарихи әрі іскерлік орталықтарының бірі саналады. Бұл аумақта үкіметтік ғимараттар, қымбат қонақүйлер мен халықаралық компаниялардың кеңселері орналасқан. Сол себепті, аталған округтегі саяси қызмет жоғары жауапкершілікпен қатар үлкен беделге де ие деуге негіз бар. 

Қазақ жігітінің Ұлыбритания саясатындағы бұл жетістігі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік оны шетелдегі қазақ жастарының жарқын жетістігінің бірі ретінде бағалап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу