Қазақ журналистикасы жаңа технологияларға дайын - ChatGPT

649

Қазақ контентінің бірегей аспектілерінің бірі - қазақ тілінің өзіндік грамматикасы, лексикасы мен жазуындағы қайталанбас ерекшелік. 

Қазақ журналистикасы жаңа технологияларға дайын - ChatGPT Фото: inbusiness.kz

АҚШ мемлекетінің Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм Қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың VI форумы - QAZAQ forum-ға қатысып, ойымен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мен басқа бір кездесуге дайындалғандықтан, бүгінгі шараға келер алдында жасанды интеллект құралы ChatGPT-ге жүгінуді жөн көрдім. Сондағы қойған сұрағым: Қазақ медиасы жаңа трендтер мен ЖИ мүмкіндіктеріне дайын ба? Оның жауабы - "әрине" болды", деп бастады сөзін АҚШ елшісі. 

Дэниел Розенблюм қазақ тілді контенттің дамуында ілгерілеу бар екенін атап өтті.

"Соңғы кездері телешоу, фильмдер мен веб-сериалдар сынды қазақ тілді медиа өнімдер YouTube-та үлкен танымалдылыққа ие болып, қазақ мәдениетінің әлемдік аудитория алдындағы жарқын үлгісіне айналды", - деді Д. Розенблюм.

Елшінің айтуынша, қазақ контентінің бірегей аспектілерінің бірі - қазақ тілінің өзіндік грамматикасы, лексикасы мен жазуындағы қайталанбас ерекшелік. Одан бөлек, қазақстандық YouTube контентін жасаушылар өздерінің бейнероликтеріне өздерінің көзқарастарын, жеке шығармашылықтары мен әңгімелеу стильдерін қосып, контентті бірегей етеді. 

"Қазақстандық контентті жасаушылар бірігіп, ынтымақтасу арқылы цифрлық кеңістікте қазақстандық бірегейлікті ілгерілетуге және сақтауға өз үлестерін қосып келеді", - деді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу