"Қазақалтын" кенішінде 33 жастағы жұмысшы топырақ астында қалып, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, оқыс оқиға "Қазақалтын" тау-кен металлургия комбинаты" АҚ Бестөбедегі кенішіндегі жаңа шахтада болған.
Қазанның 17-де өндірістік жұмыстар кезінде топырақ опырылып кетті. Салдарынан кәсіпорынның 1987 жылғы жұмысшысы топырақтың астында қалып қойған.
"Оқиға сағат 12:30 орын алды. Сол кезде "Қазақалтын" тау-кен металлургия комбинаты" АҚ құтқару отряды ер адамды топырақ үйіндісінің астынан алып шықты. Алайда, ол Степногор қалалық ауруханасында көз жұмды", - дейді Степногор қалалық ТЖ басқармасының бастығы Еркебұлан Есенжолов.
Қазіргі кезде кеніш штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр.