"Қазақалтыннан" алтын ұрлағандар ұсталды

1085

Салмағы 7 келі 578 грамм катодты алтын салынған қап 2 наурызда жоғалып, кәсіпорынға 122 млн теңгеден астам шығын келтірілді. 

"Қазақалтыннан" алтын ұрлағандар ұсталды

Ақмола облысында "Қазақалтын" алтын өндіретін кәсіпорнының шахтасының қоймасынан катодты алтын ұрлады деген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz  облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салмағы 7 келі 578 грамм катодты алтын салынған қап 2 наурызда жоғалып, кәсіпорынға 122 млн теңгеден астам шығын келтірілді. Бір ай ішінде полиция 300-ге жуық адамнан жауап алды, кәсіпорын нысандарында және Жолымбет ауылының шеңбері бойынша орналасқан бейнебақылау камераларынан түсірілген бейнежазбаларға талдау жүргізді.

"Жедел іздестіру тобының назарына Жолымбет елдімекенінің 26 және 34 жастағы екі тұрғыны іліккен. Ер адамдар "Қазақалтын"ТМК-да жұмыс істеген. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынып, мойындады", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Ұрланған катодты алтын қылмысқа қатысушылардың бірінің туысына тиесілі пәтерден алынды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу