"Қазақфильм" 12 көлікті сатты

1221

2019 жылғы желтоқсанда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жекелеген бюджет бағдарламаларының орындалуына және Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдарының активтерін басқаруға мемлекеттік аудит жүргізген.    

"Қазақфильм" 12 көлікті сатты

Тексерістен соң Шакен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ 12 көлікті сатып жіберген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Аудит барысында "Қазақфильм" АҚ активтерді тиімді басқара алмайтыны анықталған. Сондықтан компанияға көліктерді пайдалану немесе сату жөнінде тапсырма берілген.

"Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін "Қазақфильм" АҚ мемлекеттік мүлік веб-порталында www.gosreestr.kz 12 көлікті аукцион арқылы сатты", – деп жазылған Есеп комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу