"Қазақфильм" АҚ экс-президенті жемқорлыққа күдікті

326

Антикор ұйымның бұрынғы президентінің қылмыстық әрекетін әшкереледі.

"Қазақфильм" АҚ экс-президенті жемқорлыққа күдікті Фото: Kazakfilmstudios.kz

Антикоррупциялық қызмет Мемлекет басшысының заңсыз сатып алынған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ бұрыңғы президентінің қылмыстық әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты агенттікке сілтеме жасап.

Осылай, 2017 жылы Алматы облысының Іле өзен жағасындағы "Көшпенді" киножобасы аясында салынған жасанды "Түркістан" бекінісі Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы басшылығымен үлестес коммерциялық ұйымның нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен сатылған. 

Қазіргі уақытта осы активті және жер учаскесін мемлекетке қайтару бойынша шаралар қабылдануда. 

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. 

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу