"Қазақфильм" ауқымды тарихи киножобаға кастинг жариялады

1254

Жобаның көркемдік жетекшісі "Жаужүрек Ертұғрыл" сериалын түсіріп жатқан түрік режиссері Метин Гюнай болады.

"Қазақфильм" ауқымды тарихи киножобаға  кастинг жариялады

"Қазақфильм" киностудиясы "Қасым хан" атты ауқымды тарихи сериалға актерлер арасында кастинг жариялады, деп хабарлайды киностудияның баспасөз қызметі.

Көпсериалы киножоба қазақтың ұлы хандарының бірі – Қасым ханның өмірі туралы баяндайды. Жобаның көркемдік жетекшісі "Жаужүрек Ертұғрыл" сериалын түсіріп жатқан түрік режиссері Метин Гюнай болады.

"Басты рөлдерге, қосалқы және эпизодтық рөлдерге 3 және 80 жас аралығындағы актерлікке үміттілердің барлығы қатыса алады. Басты талап – қазақ тілінде еркін сөйлеуі керек", – делінген хабарландыруда .

Кастинг Қазақстан бойынша өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу