Қазақфильм балаларға арналған фильмге кастинг жариялады

1953

Қазақфильм балаларға арналған фильмге кастинг жариялады

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ ҚР мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша түсірілетін "Бала ғашық" атты көркем фильміне кастинг жариялайды, деп хабарлайды.

Фильмнің режиссері – Бегарыс Елубаев ал сценарий авторы -  Смағул Елубаев.

Кастингке 10-15 жас аралығындағы қазақ тілінде еркін сөйлейтін ұл балалар қатыса алады. 

Кастингке қатысам деушілер 2017 жылғы қыркүйектің 15-і мен 17-і күні сағат 10.00-18.00 аралығында Әл-Фараби даңғылы, 176, "Қазақфильм" киностудиясы, "Двухпавильонник" ғимараты, 44 кабинетке келуі керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу