"Қазақфильм" басшысы Тоқаевқа киностудия мәртебесін көтеруді ұсынды

418

Президент "Қазақфильм" АҚ төрағасы Азамат Сатыбалдыны қабылдады.

"Қазақфильм" басшысы Тоқаевқа киностудия мәртебесін көтеруді ұсынды Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы "Қазақфильм" АҚ төрағасы Азамат Сатыбалдыны қабылдады, деп хабарлайды  inbusiness.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде отандық кинематографияны және жалпы мәдениет саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Азамат Сатыбалды Президентке "Қазақфильм" қызметіндегі түйткілді мәселелер туралы баяндап, киностудияның статусын көтеруге қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев: "Қазақфильмде" заманында отандық кино өнерінің бір шоғыр көрнекті өкілдері еңбек еткенін атап өтті;

кәсіби киногерлермен қатар, ұлттық интеллигенция, азаматтық қоғам өкілдерінің, аға буын мен жастардың шығармашылық әлеуетін жұмылдыра отырып, аталған саланың қордаланған проблемаларын кешенді әрі дәйекті түрде шешу маңызды екеніне назар аударды;

кино өндірісін креативті индустрияның жеке секторы ретінде қарастыру керек екеніне назар аударды.

Мемлекет басшысы отандық кинематографияны одан әрі дамыту мәселесі айрықша бақылауда болатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу