"Қазақфильм" Еуропа кинонарығына қатысып жатыр

687

Германияда Берлинале халықаралық кинофестиваль аясында Еуропа кинонарығы өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.  

"Қазақфильм" Еуропа кинонарығына қатысып жатыр Фото: khabar24.kz

Бұл – Еуроодақтағы кино саласының өкілдері мен жалға берушілер бас қосатын ірі алаң. Компаниялар туындыларын ұсынып, сала мәселелерін талқылайды. Биыл оған Шәкен Айманов атындағы киноиндустрия қатысып жатыр. Олар Берлинде жаңа серіктестер тауып, отандық киноны ілгерілетуге ниетті. Отандық мамандар Ақан Сатаевтың "Ұлы дала таңы", Болат Қалымбетовтың "Мұқағали", Дәрежан Өмірбаевтың "Ақыны" секілді картиналарды апарған. Жалпы, Қазақфильм қоржынында 800 кинотуынды бар.

"Қазақфильм үшін Еуропаның кинонарығына қатысу стратегиялық тұрғыдан өте маңызды. Шығармашылық алаң Қазақфильмге өзінің контентін ұсынып, ынтымақтастықты дамыту жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Біз Еуроодақ елдерімен кездесулер өткізіп жатырмыз. Латын Америкасымен байланыс орнатсақ деген ниетіміз бар", - деп мәлімдеді Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ дистрибуция бөлімінің басшысы Лаура Сабанбаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу