"Қазақ елі", "Күлтегін" және "Мұзбалақ" анимациялық фильмдері, сондай-ақ "Алаш туы астында/Алаш туының астында" деректі фильмі Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында көрсетіледі. Көрсетілім 2019 жылы 18-28 маусым аралығында өтетін "Сиқырлы фонарь" мұражай-отбасылық шығармашылық фестивалі аясында өтеді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша "Қазақфильм" АҚ барлық картиналарын түсірген, деп хабарлайды Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі.
Фестивальдің әр күні музей залдарына тегін бару және 15:00 бастап балаларға арналған жоғарыда көрсетілген фильмдер мен мультфильмдерді тегін қарау кіреді. Фильмдер Қастеев атындағы мұражайдағы дәрісханада көрсетіледі.