"Қазақфильм" киностудиясы мәлімдеме жасады

371

Мәлімдеме киностудияның әлеуметтік желісінде жариялады.

"Қазақфильм" киностудиясы мәлімдеме жасады Фото: www.trtavaz.com.tr

"Қазақфильм" киностудиясы жер учаскесін сату және өткізу режимінің қатаңдатылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы соңғы күндері Рысқұлов даңғылы, 101Б мекенжайында орналасқан жер учаскесі мен бұрынғы "Қазкино" кешенін сату туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Қазіргі уақытта учаске мен ғимарат киностудияның меншігінде және сатуға шығарылмайды. Аталған учаскеде авариялық жағдайда тұрған ғимарат анықталды. Бұл киностудия мамандарының бірнеше рет жүргізген тексерулерінде расталды. Аумақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жазатайым жағдайлардың алдын алу мақсатында "Қазақфильм" Алматы қаласы әкімдігінің өкілдерін тарта отырып, кешенді сараптама жүргізуді бастады", – делінген мәлімдемеде.

"Қазақфильм" киностудиясының хабарлауынша, өткізу режимінің қатаңдатылуы туралы хабарлама да шындыққа жанаспайды.

"Қолданыстағы өткізу жүйесі қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және киностудия мүлкін қорғауға арналған. Мұндай шаралар әлемдегі барлық киностудияларда қалыпты тәжірибе болып саналады және ұрлық, өртеу және басқа да оқиғалардың алдын алу үшін қажет. Жақында енгізілген қауіпсіздік шаралары студия аумағында болған өрт пен қызметкерлерге жасалған шабуыл сияқты оқиғаларға жауап ретінде жасалып, студияда жұмыс істейтіндердің барлығын қорғауға бағытталған", – делінген хабарламада.

Киностудия жобаларды қаржыландыру туралы ақпаратқа қатысты да түсініктеме берген.

"2023 жылы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы 18 жобаны өндіріске жіберіп, олардың 10-ын 70%-дан астам қаржыландырылды. Оның ішінде екі жоба 100% қаржыландырылды. Ал, қалған сегіз жоба 50%-дан төмен қаржыландыру алды. Алайда, олардың бірқатарына аралық төлемдер жасалды. Кейбір жобаларды қаржыландырудың кешігуі қазынашылық комитеттің кеш қаржы бөлуімен байланысты. Сонымен қатар, кешіктірілу есептердің уақытылы тапсырылмауымен де байланысты, бұл келесі транштарды алу үшін қажетті шарт", – делінген мәлімдемеде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу