"Қазақфильм" киностудиясында өрт болды

482

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы ғимаратында өрт болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қзметіне сілтеме жасап.

"Қазақфильм" киностудиясында өрт болды Фото: ТЖД

"28 мамыр күні сағат 12.22-де Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылы, 176 мекенжайындағы "Қазақфильм" АҚ-да декорациялар дайындайтын ағаш цехінде жұмыс үстелдері, құрал-саймандар мен терезе жақтаулары жанып кетті. От шарпыған аумақ - шамамен 10 шаршы метр. Жалынның таралуы 12.40-та оқшауландырылып, 12.42-де толығымен ауыздықталды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - делінген ТЖД ақпаратында.

Мәлім етілгендей, өрттің таралу қаупі болған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу