Қазақфильм қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі

734

Бұл туралы киностудия ұжымымен басшылықтың кезекті жиналысында белгілі болды.

Қазақфильм қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі

Киностудия президенті Ақан Сатаевтың айтуынша, қазіргі уақытта арнайы комиссия даму векторларын, еңбекақы төлеуді қалыптастыру принциптерін және ұйымдастыру құрылымын анықтады.

Ұйымның штаттық құрамы мен саны қалыптастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz киностудия баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сіздерді жақсы жақсы жаңалықпен қуантқым келеді. 1 қыркүйектен бастап жалпы киностудия бойынша қызметкерлердің жалақысы орта есеппен 30%-ға өседі. Мәдениет министрлігі тарапынан, питчингте өз жобаларын қорғаған авторлар тарапынан үлкен қолдау көрсетілді. Біз жалақыны көтердік және осымен шектелмейміз деп үміттенемін. Осы орайда студияның жетістігі әрқайсымызға байланысты екенін атап өткім келеді. Сондықтан сіздерді әрі қарай да жауапты болуға және жақсы жұмыс істеуге шақырамын", – деді А.Сатаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу