"Қазақфильмнің" ендігі тағдыры белгілі болды

313

"Қазақфильмді" тікелей қаржыландыру мүмкіндігі пысықталып жатыр. 

"Қазақфильмнің" ендігі тағдыры белгілі болды Фото: adyrna.kz

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева "Қазақфильмнің" жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер спикерден "Қазақфильмге" жабылу қаупі төніп тұрған жоқ па?" деп сұрады.

"Әлбетте, жоқ. Министр ретінде оны ресми мәлімдеймін. Себебі бұл (ред. – Қазақфильм) – біздің тарихымыз. Кино мен кинематографияның дамуы "Қазақфильмнің" тарихымен тікелей байланысты. Біздің парызымыз – бұл мекемені сақтау және оны дамыту. Осыған дейін Мәдениет және ақпарат министрлігінің бүгінде "Қазақфильмді" тікелей қаржыландыруға құқықтық негізі жоқ екенін бірнеше рет айтқан едім. "Қазақфильмнің" кино түсіретін басқа да көптеген продюсерлік компания сияқты құқығы бар. Сондықтан да біздің тарапымыздан нақты шаралар әзірленіп жатыр. Біріншіден, заңнамалық деңгейде осы мәселені реттеу. Яғни, заңға "Қазақфильмде" тікелей қаржыландыру құқығы болатындай норманы енгізу. Мұны мемлекеттік тапсырмалар мен жекелеген тетіктер арқылы жүзеге асыруға болады", – деді министр Мәжіліс кулуарында.

Бұдан бөлек ведомство басшысы "Қазақфильмге" қатысты менеджерлік көзқарас та қайта қаралып жатқанын жеткізді.

"Бүгінде "Қазақфильмнің" инфрақұрылымы мүшкіл халде екенін айтқым келеді. Себебі қаржыландыру болмаған кезде қандай да бір даму туралы айта алмаймыз. "Қазақфильмнің" құрал-жабдықтары мен жекелеген ғимараттарын жалға беруден түскен қаражат қызметкерлерге жалақы төлеуге бағытталады", – деді Мәдениет және ақпарат министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу