"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

1062

Енді компанияны Бауыржан Сартбаев басқарады.

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

Директорлар кеңесінің шешімімен Сартбаев Бауыржан Мейрамбекұлы "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Бауыржан Сартбаев 1966 ж. Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін, КИМЭП бітірген. 

2000–2002 жж. ҚР қаржы министрлігінің "Оңалту қоры" РМК заң басқармасының бастығы болды. 

2000–2002 жж. – ҚР білім министрлігінің "Қаржы орталығы" ММ директорының орынбасары. 

2003–2006 жж. – "Қазастықтранс" еншілес компаниясының басқарма төрағасы.

2006–2007 жж. – Ұлыбританиядағы "Азық-түлік корпорациясы" АҚ өкілдігінің директоры.

2008–2012 жж. – "Номад" ЖШС директорының орынбасары.

2012–2013 жж. – "Сарыарқа" кешенді даму орталығы" мемлекеттік қоры директорының орынбасары.

2013–2015 жж. – ҚР ПІБ "Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" РМК директорының орынбасары. 

2015-2018 жж. – ҚР ПІБ РМК директоры. 

2018-2019 жж. ҚР Ресей Федерациясындағы сауда өкілі лауазымында болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу