Kazakh Tourism 1,5 млрд теңгені тиімсіз жұмсаған

517

Жоғары аудиторлық палата акционердің бюджет қаражатын қалай пайдаланып жатқанын тексерген.

Kazakh Tourism 1,5 млрд теңгені тиімсіз жұмсаған

Бірыңғай оператор 919 млн теңгенің активтерін тиімсіз пайдаланыпты. Оған қоса, 77 млн теңге болатын қызмет құнын асыра бағалап, мамандарға негізсіз жалақы да төлеген. Мемлекеттік аудит жүргізгендер органдар туристік қызмет көрсететіндердің стандарттарды қалай сақтап жатқанын бақыламағанын айтады. Аудит қорытындысы бойынша туризм вице-министрі 700 мың теңге айыппұл төлеген. Бірақ Қазақ туризмнің өз айтар уәжі бар.

"Қателік деген ұрлық емес, коррупция емес, ол балансқа қателеу активтерді орналастырған. Мысалы 1,5 млрд деп айтсақ, 918 млны айти системалар. 4 жыл бойы комитеттің балансында болған министрлікте. 1 жыл бұрын Қазақ туризмге берілген. Ол дұрыс, заң бойынша біз оператормыз. Бірақ аудиторларға біз оны түсіндіре алмадық. Заң бұзу, олқылықтар болған жоқ. Ешқандай прокуратураға ондай болған жоқ. Бұл дұрыс емес есеп деп айтуға болады. Біз бәрімен келістік, сол себептен бізге қойылған 88 млн болды ма, аудит кезінде бәрін қайтарып бердік", - Kazakh Tourism ҰК АҚ Басқарма төрағасы Талғат Аманбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу