Kazakh Tourism Барселонада Қазақстанның туристік әлеуетін таныстырды

747

Kazakh Tourism Барселонада Қазақстанның туристік әлеуетін таныстырды

2018 жылы 27 қарашада Барселонада "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ IBTM World 2018 көрмесінің аясында кезекті роуд-шоу (workshop) өткізді, деп хабарлайды компаниядан.

Бұл іс-шара аясында Қазақстанның іскерлік және оқиғалы туризм саласындағы әлеуеті көрсетілді. Оған іскерлік және оқиғалы туризм саласында жұмыс істейтін қазақстандық компаниялармен, сондай-ақ 50-ден астам халықаралық hosted buyers қатысты.
 
Көрменің бірінші жұмыс күні ITBM территориясында Қазақстанның іскерлік және оқиғалы туризм бағыттарының әлеуетімен таныстыруы өткізілді. Презентациядан кейін B2B сессиясы желілік форматта өтті, онда ұйымдастырушылар мен отандық компаниялар елдегі MICE туризмінің ерекшеліктері, қазақстандық туристік өнім туралы айтып, алдағы оқиғалар мен басқа да деректер туралы ақпарат алмасты.
 
Іс-шараның мақсаты - Қазақстанды MICE туризмнің дестинация ретінде ілерілету. Осыған байланысты, роуд-шоу аясында потенциалды "сатушылар" мен "сатып алушылар" кездесетін платформа құрылды. "Сатушылар" ретінде іскерлік және туристік туризм саласында жұмыс істейтін қазақстандық компаниялар болса, ал "сатып алушылар" ретінде ивент-агенттіктер және шетелдік туроператорлар болды.
 
Роуд-шоудың қорытындысы бойынша елімізде өткізілетін халықаралық іс-шаралардың өтуі жиілемек, тиісінше Қазақстанға бизнес-туристер ағыны да артады деп күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу