Kazakh Tourism итальяндық туристердің көбеюін болжауда

154

Осы айда бірқатар итальяндық БАҚ өкілдері еліміздің туристік әлеуетін жариялау үшін Қазақстанға сапар шекті. 

Kazakh Tourism итальяндық туристердің көбеюін болжауда Фото: freepik.com

Италиядан келген журналистер мен туроператорлардың бірінші тобы Alpitour ірі итальяндық туроператорының каталогына енген Оңтүстік Қазақстан бағытымен танысты. Тур барысында олар Шымкент қаласының тарихи бөлігіне, Арыстан-Баб кесенесіне, Отырарға және Түркістан облысындағы Керуен Сарайға барды. Таныстыру турының құрамына Repubblica National Newspaper, Viaggi e Turismo, Il Giornale, Touring Magazine журналистері кірді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қазақ-Италия сауда қауымдастығының (ACIK) және Neos Air шақыруымен Италияның Мемлекеттік телевизия және радиохабарларының түсірілім тобы Rai TV Италияның басты TG1 жаңалықтар бағдарламасы үшін Алматы, Астана қалаларында және "Бурабай" ұлттық паркінің аумағында түсірілім жүргізді.

26 мамырға дейін Италиядан келген бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен үшінші тур мәресіне жеткен болатын. Бұл жолы Маңғыстау облысына "DOVE", "The Good Life" және "National Geographic" жетекші тревел басылымдарының журналистері келді.

Ақпараттық тур Маңғыстау облысының туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған. Тур бағдарламасы өңірдің басты көрікті жерлеріне: Қапамсай және Шақпақты каньондарына, Шақпақ Ата мешітіне, Торыш шарлар алқабына, Шеркала және Көкқала тауларына, сондай-ақ Тұзбайыр мен Бозжыраның панорамалық көріністеріне баруды қамтиды.

Сондай-ақ, қатысушылар жергілікті ауылдарды, визит-орталықтарды және дәстүрлі киіз үйлерді аралап, қазақ қонақжайлылығы мен көшпелі тұрмыс атмосферасына еніп, Қазақстанның мәдениеті мен тарихымен танысады.

Турлар ҚР Туризм және спорт министрлігі, "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ, Италия-Казақ сауда саттық ассоциациясы, және тағы басқа компанияларының қолдауымен бірлесіп ұйымдастырылған.

2022 жылдың мамыр айынан бастап Neos Air авиакомпаниясы Милан-Алматы-Милан тікелей рейстерін ашты, бұл итальяндық туристердің Қазақстанға деген қызығушылығын арттырды. 2023 жылы кіру туризмі бойынша Италиядан келген туристер саны 2022 жылмен салыстырғанда 7132 келушіден 10901 адамға дейін 53% - ға өсті.

Ақпараттық тур еліміздің Италияда ілгерілеуіне ықпал ете отырып, Қазақстанға итальяндық туристердің келуіне оң әсер етеді деп күтілуде. Ақпараттық турға қатысатын журналистер өз материалдарын "DOVE", "The Good Life" және "National Geographic" сияқты жетекші итальяндық және халықаралық басылымдарда жариялайды, бұл тек Астана мен Алматыда ғана емес, Маңғыстау облысын қоса алғанда, басқа өңірлерде де Қазақстанның туристік бағыттарының алуан түрлілігіне назар аударуға көмектеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу