Kazakh Tourism туристік нысандар сапасын бағалау жүйесін енгізеді

672

Саяхатшыларды қонақүйлерге орналастыру стандарттары 2008 жылдан бері жаңартылмаған. 

Kazakh Tourism туристік нысандар сапасын бағалау жүйесін енгізеді

"Kazakh Tourism" ҰК АҚ төрағасы Ержан Еркінбаевтың сөзінше, қызмет көрсету сапасын анықтаудың үздік нұсқалары зерттеліп, ең ыңғайлысы енгізіледі. 

"Биыл халықаралық тәжірибеге сәйкес қызмет көрсету сапасын бағалаудың ең үздік нұсқаларын зерттеу жоспарланған. Соңғы рет сахатшыларды қонақүйлерге орналастыру стандарттары 2008 жылы өзгертілген. Ол бүгінгі талаптарға сәйкес келмейді. Нәтижесінде қызмет көрсету сапасы төмен", – деген Ержан Еркінбаев туризмнің сапасын бағалаудың үздік тәжірибесін Қытай мен Испаниядан алуға болатынын айтады. 

"Биылғы жылы "Kazakh Tourism" зерттеу жүргізіп, бізге ең ыңғайлы жүйені таңдайды. Тек саяхатшыларды жайғастыру сапасы емес, ұлттық парктер және өзге нысандарда қызмет көрсету сапасы бағаланады", – деді ол.    

Құралай Құдайберген

Фото: expertonline.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу