"KazakhExport" АҚ басқармасының өкілеттігі 3 жылға ұзартылды

803

Экспорт агентіне тағы 34 млрд теңге бөлінбек. 

"KazakhExport" АҚ басқармасының өкілеттігі 3 жылға ұзартылды

"KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ-ның  Директорлар кеңесі өтіп, компания қызметіне қатысты бірқатар мәселе қаралды. 

"Жиын барысында "KazakhExport" ЭСК" АҚ басқармасының өкілеттігі 3 жыл мерзімге ұзартылды. "RG Brands Kazakhstan" ЖШС-ның DEG компаниясы алдындағы Ресей мен Қырғызстанға арнап шығарылатын өнімдердің экспортын қаржыландыруға арналған міндеттемемен байланысты тәуекелдерді сақтандыру үшін лимит белгіленді. Директорлар кеңесі "KazakhExport" ЭСК" АҚ-ның қарапайым акцияларын 34 млрд теңгеге шығару туралы шешім қабылдады", – деп жазылған Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Еске салсақ, "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ "Бәйтерек" ҰБХ " АҚ құрамына кіреді.

Негізгі қызметі – Қазақстанда өндірілетін шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтер экспортын ілгерілету. 2019-2020 жылдары "KazakhExport "ЭСК" АҚ-ны капиталдандыруға 68 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған. Оның алғашқы жартысы 2019 аударылса, қалған жартысы биыл бөлінуі керек (2019 жылы-34 млрд теңге, 2020 жылы-34 млрд теңге).

Есжан Ботақара

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу