KazakhExport Өзбекстанда кеңсесін ашты

727

KazakhExport өкілінің кеңсесі Орталық Азия экономикалық форумы қарсаңында ашылды.

KazakhExport Өзбекстанда кеңсесін ашты

"KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ Өзбекстанда шетелдік өкіл кеңсесін ашты, деп хабарлайды компания.

Өзбекстанның бизнес-қоғамдастығы кеңсесінің тұсаукесерінде "KazakhExport"ЭСК" АҚ басқарма төрағасы Руслан Искаков Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара сауданың қарқынды өсуі үшін жаңа мүмкіндіктерді атап өтті.

"Біз өзбек нарығында қазақстандық шикізаттық емес өнімнің қатысуын кеңейтуді көздеп отырмыз. Ташкентте кеңсесін ашу қазақстандық экспорттаушыларға қаржылық-сақтандыру қолдау көрсетуге мүмкіндік береді және кәсіпорындардың экспорттық түсім көлемін арттыруға мүмкіндік береді", – деп атап өтті Руслан Искаков. 

KazakhExport сақтандыру қолдауымен қазақстандық экспорттаушылар Өзбекстан нарығына тамақ өнімдерін, ет және кондитерлік өнімдерді, құрылыс материалдарын және т. б. жеткізеді. Қазақстандық өнімге деген сұраныс Өзбекстанның серіктес банктерінің желісін кеңейтуге ықпал етеді.

KazakhExport қазақстандық банктермен бірлесе отырып, өзбек банктері шығарған аккредитивтерді сақтандыру бойынша жобаларды қарастырады, бұл қазақстандық экспорттаушыларға тауарды жөнелткеннен кейін бірден төлем алуға, ал өзбек сатып алушыларына қазақстандық өнімді сатып алуға қаржыландыру алуға мүмкіндік береді.

Айта кетсек, "KazakhExport" ЭСК" АҚ-ның бірінші кеңсесі ресми түрде 2018 жылдың 24 қазанында Ресейде ашылды. 2019 жылдың соңына дейін тағы 7 шетелдік өкіл кеңсесі Ресейде, Қытайда (Сиань және Үрімші), Тәжікстанда, Қырғызстанда, Белоруссияда ашылады деп жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу