Kazakhstan Student's Union студенттік бірлестігі құрылады

542

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы студенттер кеңесінің отырысы өтті.  

Kazakhstan Student's Union студенттік бірлестігі құрылады Фото: gov.kz

Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен 50-ден астам университет өкілдері қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиын ашық диалог форматында өтті. Белсенділер жас мамандарды жұмысқа орналастыру, жатақханалардағы орын тапшылығы, жол төлемдері бойынша есеп беру сияқты өзекті мәселелерді көтерді.

Министр Нұрбек Саясат студенттердің сұраныстарын қолдап, жол төлемдері мәселесі пысықталып жатқанын атап өтті. Жатақханаларда орын тапшылығы мәселесін шешу үшін ірі қалаларда жаңа жатақханалар салу бойынша жобалық кеңселер құрылып жатқанын, сондай-ақ жыл сайын 10 000 жаңа төсек-орын енгізілетінін айтты.

Форумның басты жаңалығы студенттердің "Kazakhstan Student's Union" республикалық студенттік бірлестігін құру бастамасы болды. Бұл ұйым студенттердің мүдделерін қорғаумен айналысатын болады. Спикерлердің айтуынша, болашақта студенттік ұйым Болон процесі аясында Еуропалық студенттер одағының (ESU) құрамына кіруді жоспарлап отыр.

ESU мақсаты – студенттердің білім беру, әлеуметтік, экономикалық және мәдени мүдделерін еуропалық деңгейде барлық тиісті органдарға, атап айтқанда Еуропалық Одаққа, Еуропа Кеңесіне және ЮНЕСКО-ға қатысты ұсыну және ілгерілету.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу