Қазаққа тіл тигізген қарағандылық қамауға алынды

993

Қазақ ұлтына тіл тигізген ер адам Путиннің саясатын қолдайтынын жеткізген.  

Қазаққа тіл тигізген қарағандылық қамауға алынды Фото: Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі

Қарағанды тұрғыны, өзге ұлт өкілі әлеуметтік желіде жазба жариялап, онда қазақ халқына және Президентке тіл тигізген. Ол: "Менің Қазақстаным деп айта бермей, жолдарыңды жөндеңдер, қоқыстарыңды жинап алыңдар, сендер кімге керексіңдер?" - деп бейнежазба қалдырып, қазақ халқын боқтап, тілдеген. Оның тик-ток желісіне жариялаған жазбасына қазақстандықтар наразылықтарын білдіріп, пікір қалдырған. Желі қолданушылары "ұлтқа тіл тигізгендер кешірім сұраумен құтылып кете бере ме?" деп қынжылады.

Көп ұзамай полиция департаментінің мамандары ер адамның тұрғылықты жерін анықтап, қолға түсірді.

"Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлерімен 42 жастағы қала тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу