Венгрия "адам ер не әйел ғана болуы керек" деп есептейді

Венгрия парламенті Конституцияға осындай түзетулерді енгізді. 

Венгрия "адам ер не әйел ғана болуы керек" деп есептейді Фото: rbc.ru

Қазір ел билігі тек екі жынысты: еркек пен әйелді ғана мойындайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Венгриялық Index басылымының мәліметінше, Венгрия Конституциясына ел парламенті бекіткен түзетулерге сәйкес, "адам не еркек, не әйел" болуы шарт. 

Аталған өзгерістер негізгі заңның 15-бабына да әсер етіп отыр, яғни енді балалардың дене, психикалық және моральдық даму құқығы басқа құқықтардан, соның арасында жиналыстар құқығынан басымдықта болатынын айғақтайды. Мұндай түзетулер ел билігіне демонстрацияларға, сондай-ақ ЛГБТ насихаттайтын және мақтайтын іс-шараларға тыйым салуға мүмкіндік сыйлайды. 

Тиісті өзгертулерді 140 парламентарий қолдағаны көрсетілген. Бірақ, 21 депутаттың қарсы шыққаны туралы да мәлімет бар. Осылайша, конституцияны өзгерту үшін қажетті үштен екі көпшілік дауысқа ие болған. Мұндай жаңашылдықтарды Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан мен оның ФИДЕС партиясы да қолдаған. 

Түзетулерге дауыс беру уақытында оппозицияның көптеген жақтасы Венгрия парламенті ғимаратының алдында өзінің наразылығын көрсетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу