"Қазақконцерт" сахнасында би өнерінің тарихы таныстырылды

262

"GULDER" ансамблі би тарихын сахналық қойылым арқылы көрсетті.  

"Қазақконцерт" сахнасында би өнерінің тарихы таныстырылды Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астанадағы Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында "GULDER" ансамблінің "EXPERIENCE №4: Паванадан қазақ вальсіне дейінгі дәуірлер диалогы" атты концерт-дәрісі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шара концерт пен танымдық дәрісті ұштастырып, көрерменге би өнерінің әр кезеңдегі даму тарихы мен эстетикалық ерекшеліктерін таныстырды. Бағдарламада павана, менуэт, полонез, вальс, танго, латино және қазақ вальсі орындалды.

Жобаның авторлары – "GULDER" ансамблінің бас балетмейстері, халықаралық байқаулардың лауреаты Анвара Садықова мен педагог-хореограф Дана Қуанышбекова. Концерт-дәріске ансамбль әртістері, өнер қайраткерлері, халықаралық байқаулар лауреаттары, Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері және "SAMGA" квартеті қатысты.

Кеш барысында әр кезеңнің би үлгілері сахналанып, қазақ вальсіне арналған бөлім көрерменге ерекше әсер қалдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу