"Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС 2017 жылдың қаңтар-тамыз айларында 151,2 мың тонна мыс өндірді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 6% артық, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Жұмыс жүргізілген кезең қорытындысы бойынша кендегі мыстың орташа мөлшері 0,96%-ды құрады, бұл 2016 жылдың сәйкесінше кезеңіндегі орташа мыс мөлшерінен (0,94%) және жоспарланған мөлшерден 4,2%-ға жоғары.
2017 жылдың сегіз айы ішінде компанияның кәсіпорындары 18 млн 852, 341 мың тонна кенді игерді.
"Қазақмыстың" байыту фабрикалары 19 млн тонна кенді қайта өндірді. 2017 жылдың ішінде "Қазақмыс" Корпорациясы" ЖШС катодтық баламада 232,4 мың тонна мысты өндіруді жоспарлап отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу