"Қазақмыс" Алматыдағы мектептерге қазақ тілін үйрететін кітап сыйлады

419

2 мың тиражбен басылып шыққан рухани азық “Қазақша үйренейік” деп аталады.

"Қазақмыс" Алматыдағы мектептерге қазақ тілін үйрететін кітап сыйлады

1 қыркүйек білім күні қарсаңында “Қазақмыс” корпорациясы Алматыдағы мектептерге кітап сыйлады. 2 мың тиражбен басылып шыққан рухани азық “Қазақша үйренейік” деп аталады. Оны Алматы қаласының білім басқармасы өтініш айтып сұратыпты. Өйткені, былтыр көп арасында кең сұранысқа ие болған. Қазақ тілін үйрететін кітаптың ерекшелігі қандай?

Алматыдағы мектептердің кітапханасы білім күні қарсаңында керемет дүниемен толықты. Бүгін “Қазақмыс” корпорациясы жаңа оқу жылының қарсаңында оқушыларға “Қазақша үйренейік” кітабын сыйлады. Оқулықтың ерекшелігі сол, қазақ тілін ойын түрінде оңай үйретуге септеседі. Кітапта қазақтың әдеп-ғұрпы, салт-дәстүрі аңыз бен ертегі түрінде берілген. Оқулықтың алғашқы легін "Қазақмыс" корпорациясының өкілдері қалалық білім басқармасы тапсырды.

"Кітапты ашып, қарап көрдік. Мына қазақ тілін меңгеруде, қазақ тілін үйренуде оқушыларға таптырмас құрал. Және де бұл құралдың, әдістеменің ерекшелігі грамматика арқылы, әдістеме арқылы үйрету емес. Қазақтың қазақ елінің, Қазақстанның тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәтүрін көре отырып, түрлі жаңалықтарды ашып отырып, қазақ тлін үйренетін болады. Барлық оқушылар атынан осы “Қазақмыс” корпорациясына үлкен алғысымызды айтамыз", - дейді Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.

"Қазақмыс" корпорациясы оқулықтың көпшілік арасында кең сұранысқа ие болғанын айтады. Сондықтан, биыл да өткен жылғыдай 2 мың тиражбен басып шығаруды көздеген. Кітаптың көркін керемет иллюстрациялар, сапалы ақпарат келтіріп тұр дейді корпорация өкілдері. Осылайша, игі бастама арқылы қазақ тілін үйренетіндерге қолдау көрсеткілері келгенін айтады.

"Бұл кітаптың ерекшілігі сол, қазақ тілін оңай үйренуге болады. Мұндай игі бастамаларды қашанда қолдауға дайынбыз. "Қазақмыс" корпорациясы әлеуметтік мәселелерді қолдауға, көмектесуге келгенде ешқашан аянып қалған емес. Біз республика деңгейінде түрлі салаларды демеуге атсалысып жүрміз. Кітаптың көпке пайдасы тиетініне сеніміз мол. Оқулық қазақ тілін үйренгісі келетіндер мен үйреніп жүргендерге көмекші құрал болатыны сөзсіз", - дейді "Қазақмыс" корпорациясының басқарма басшысы Айдар Баталов.

Алматыда 215 мемлекеттік мектепте 300 мыңнан аса бала білім алады. Енді ұстаздар қауымы білім күніне дейін кітаптарды таратумен айналыспақ. Тіпті ол үшін жауапты мамандар белгіленіп, оқулықты білім ұйымдарына жеткізіп бермек.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу