"Қазақмыс" Астана халықаралық форумында бас серіктес болды

545

"Астана" халықаралық форумы – биыл елімізде өткізілген ең ауқымды, шешуші шаралардың бірі.

"Қазақмыс" Астана халықаралық форумында бас серіктес болды Фото: inbusiness.kz

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған кездесуде 70-тен астам мемлекеттің өкілдері бас қосты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Маңызды шарадан "Қазақмыс" холдингті де қалыс қалмады. Үздіктердің қатарынан түспей келе жатқан отандық компания дәстүрлі түрде форумның ресми серіктесі болды.

"Астана" халықаралық форумы Азиядағы Давос іспеттес маңызды келіссөздер ортасы. "Жаңғыру жолындағы негізгі диалог" деп қойылған биылғы тақырыбы да оның сипатын айқындап бергендей. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген сарапшылар қазіргі кездегі ең өзекті мәселелерді талқыға салды. Энергетикалық қауіпсіздіктен бастап, жасыл экономика, экология проблемалары да сөз болды. Ал кездесудің бастамашысы болған - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Еліміз "жасыл" экономиканың мол мүмкіндіктерін ұсынып, қайта қалпына келтірілетін энергетиканың орталығы атана алар еді. Алайда уақыт біздің жағымызда емес. Көмірді аз тұтыну және "жасыл" экономикаға қажетті жылдамдықпен көшу үшін бізге ресурстар мен серіктестік байланыс қажет", - деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.   

Халықаралық форумда ерекше көзге түскен "Қазақмыс" сақтандыру компаниясының және "KM Life" өмірді сақтандыру компаниясының стенді. Бүгінде ол 30-дан астам жасыл энергетика саласының алыптарына қызмет көрсетеді. Сақтандыру компаниясының қаржылық көрсеткіштері де көз қуантады. Оған Fitch халықаралық рейтингі дәлел. Ал елдегі Forbes-тің тізімінде бірінші орында тұр. Биыл компанияның нарықта жүргеніне 22 жыл толды. Қанша уақыт өтсе де, оның көрсеткіштері тұрақты түрде өсіп келеді.

"Біз жыл сайын тек алға қадам басып келеміз. Негізінен "Қазақмыс" сақтандыру компаниясы жасыл экономика жобаларын сақтандыру бойынша ең үздік компания саналады. Аз уақыттың ішінде біз жасыл энергетика саласындағы қаржылық сақтандыру бойынша 50ден аса келісім шарт жасап үлгердік", - деді "Қазақмыс" СК және " KM Life" ӨСК директорлар кеңесінің төрағасы Әмина Қасымова.

"Қазақмыс" сақтандыру компаниясы және "KM Life" өмірді сақтандыру компаниясы бірлескен сақтандыру компаниялары. Бүгінде олардың өзіндік онлайн өнімдері бар. Банктік және мұнай операцияларын сақтандыру, кибер қауіпсіздікке жауап беру секілді  жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру бойынша қызметтер тобын ұсынады. Компанияның қазіргі сақтандыру резервінде 70 млрд теңге бар. Сондықтан әр тұтынушы төнгелі тұрған кез келген қауіп-қатерден аман шығарына кәміл сенеді. Компанияның тұрақты дамуына негіз болып отырған тағы бір бағыты -әлеуметтік сақтандыру. 

"Біз "Қазақмыс" корпорациясының адам үшін қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлеріне медициналық сақтандыруды ұсынамыз, бұл олардың отбасы мүшелері үшін маңызды. Қазір бізде 110 мыңнан астам адам  сақтандырылған. Бұл жоба бізге Қарағанды және Ұлытау сынды өңірлерінде, бүкіл Қазақстан бойынша медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді", - деді "Қазақмыс" СК және " KM Life" ӨСК директорлар кеңесінің төрағасы Әмина Қасымова.

Қазақмысты басқаларынан айрықша ететін ондағы білікті мамандар. Олар Қазақстанның дамуына тікелей үлес қосып келеді. Ал корпорацияның әлеуметтік мәселелерге баса назар аударатындығы оны қызметкерлеріне жақын ете түседі. Қазірдің өзінде  ол тау-кен саласының жұмысшыларының құқығын қорғап, тиісті еңбекақысын тағайындауды басты назарға алып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу