"Қазақмыс" холдингі энергетика саласы жұмысшыларын марапаттады

413

Қарағандыда "Қазақмыс" холдингі басшылары энергетиктерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, министрліктің арнайы төсбелгілерімен марапаттады. 

 "Қазақмыс" холдингі энергетика саласы жұмысшыларын марапаттады

Іс-шараға Жезқазған, Топар, Балқаш қалаларынан келген жылу электр станцияларының жұмысшылары қатысты. 

Энергетиктер мерекесінде марапатталғандардың бірі Анаргүл Асанова. Ол жиырма бес жылдан астам уақыт Абай қаласындағы Топар бас энерго тарату станциясында жұмыс істейді. 

Еңбек жолын жатақхана кезекшісінен бастаған ол бүгінде электр цехының білікті маманы дәрежесіне көтерілген. Ғұмырын осы салаға арнаған жан үшін Абай ауданындағы тұрғындар баспаналарының жылы әрі жарық болуы ерекше маңызды. Биыл ол қызмет ететін станция 60 жылдық мерейтойын тойлауда.

"Корпорация маған көп затты маған беріп жатыр. Өйткені мен барғым келіп жүрген жерге барамын. Демаламын қаласам. Сыйлықтар береді. Құрметтейді. Сол үшін рақмет! Сәттілік тілеймін корпорацияға", дейді "БЭТС Топар" ЖШС маманы Анаргүл Асанова.  

Биыл Топар БЭТС-та ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп,  он екі қазандық қалыпты жұмыс істеп тұр. 

"Қазақмыс энерджи" компаниясы бас директорының айтуынша, ішкі келеңсіздіктер болған жағдайда, ақауды реттеуге станция мамандары сақадай сай көрінеді. Білікті кадрдың арқасында төтенше жағдайлардың болуы 39 пайызға төмендеген. Жұмысшылардың жалақылары да 25 пайызға өскен.  

"Биыл мұндағы мамандардың еңбек ақасы 25,7 пайызға өсті. Келер жылы тағы 21 процентке ұлғайту жоспары бар. Сонымен қатар, 1716 жұмысшыға әлеуметтік қолдау көрестілді. 16 отбасыға пәтер кілті табысталды", деді "Kazakhmys Energy" ЖШС бас директоры Темірлан Өтегенов.

Биыл Жезқазған және Балқаш қалаларындағы жылу энерго орталықтарына жөндеу  жұмыстарын жүргізілен. 

Нәтижесінде, компания өзінің энергия қуаттылығын едәуір арттырыпты. Ал Әсет Бейсеков энергетика саласына осыдан 30 жыл бұрын келген. Жоғары жалақы, сүйікті қызметі жайлы ол қашан да тамсана айтады. Мамандығына берілген жан мереке аясында құрметке бөленді. 

"Мерекелік кеште Әсет Бейсеков секілді 55 қызметкердің еңбегі еленіп, марапатталды. Екібастұз халқы жылусыз қалған тұста да, алғаш болып қол ұшын созған осы Қазақмыс компаниясының энергетиктері болатын. Қайрат Мәденов үшін, Жезқазған ЖЭО -ның қарқынды жұмысы әрдайым жеңіс болып қала бермек", дейді Балқаш ЖЭО бас машинисі Әсет Бейсеков. 

Сондай-ақ бірқатар жұмысшыларға энергетика қауымдастығының медалі мен үшінші дәрежелі "Еңбек даңқы" ордені берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу