Экологиялық науқанның аясында Жезқазған мен Балқаштағы мыс балқыту зауыттары ғимараттарының жарығын бір сағатқа сөндірді.
Айта кететіні, акцияға қатысу кәсіпорынның өндірістік процесіне ешқандай әсерін тигізбеген. Осылайша, электр энергиясын тұтынуды уақытша төмендету арқылы мыс алыбы планетаның ресурстарына жауапкершілікпен қарайтынын көрсетті.
Акцияны Президенттің резиденциясы "Ақордадан" бастап елдегі басқа да әкімшілік нысандар қолдады. Қазақстан аталған экологиялық акцияға 2009 жылдан бастап қатысып келеді. "Жер сағаты" дүниежүзілік жабайы табиғат қорының бастамасымен 15 жыл бойы бүкіл әлемде өткізілетін ең ауқымды халықаралық экологиялық шара. Жыл сайынғы дәстүр бойынша наурыз айының соңғы сенбісінде жер шарында шамамен 2 миллиард адам бір сағатқа жарықты өшіреді. Бұл планетаның болашағына бей-жай қарамау үшін жасалатын акция.
Өз кезегінде, "Қазақмыста" Экологиялық мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді. Тек өткен 5 жылдың ішінде Холдинг кәсіпорындарында табиғатты қорғауға бағытталған 2 мыңнан астам іс-шара өткен.