"Қазақмыс" қаза тапқан кеншілердің отбасына 90 млн теңгеге несиесін өтеп берді

326

"Жомарт" кенішіндегі апаттан кейін жан-жақты көмек көрсетілуде. 

"Қазақмыс" қаза тапқан кеншілердің отбасына 90 млн теңгеге несиесін өтеп берді Фото: Kazakhmys

"Қазақмыс" корпорациясы қаза тапқан кеншілердің отбасыларына қаржылық қолдау көрсетуді жалғастыруда. Компания марқұмдардың екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы барлық негізгі қарыздарын өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жалпы төлем сомасы – 90 млн теңге. Бұған дейін компания әр отбасыға 10 жылдық жалақы мөлшерінде өтемақы (84 млн – 142 млн теңге аралығында) және жерлеу рәсіміне 550 АЕК (2,2 млн теңге) көлемінде жәрдемақы берген.

"KM Life" сақтандыру компаниясы жерлеу рәсіміне 100 АЕК (460 мың теңге) төледі. Сондай-ақ марқұмдардың балалары 23 жасқа толғанға дейін ай сайын 524 мың – 921 мың теңге аралығында асыраушысынан айырылу бойынша сақтандыру төлемін алады. Бұл төлемдер жыл сайын инфляцияға байланысты индекстеледі.

Қазіргі уақытта туыстарын жұмысқа орналастыру және жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттердің оқу ақысын төлеу мәселесі қарастырылып жатыр.

Бүгін "Жомарт" кенішіндегі апатты тергеудің алдын ала қорытындылары қаралды. Сонымен қатар, Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа шахтерлердің отбасыларына көрсетіліп жатқан көмек туралы баяндады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу