Қарағанды облысы Сәтбаев қаласындағы "Қазақмыс" корпорациясының кенішінде жер қабаты опырылып, бір адам қаза тапты деп хабарлады дереккөз Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Қайғылы оқиға 31 желтоқсан күні таңертең болды. Ол кезде шахтада 70-ден астам адам болған. Біреуінен басқасы аман-есен жер бетіне шықты. Кейіннен қаза тапқан адамның денесі табылды.
Агенттікке сұхбат берушінің дерегі бойынша, 35 жастағы кенші машинист болған.
"Қазақмыс" корпорациясы әлі ешқандай түсініктеме берген жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу