"Қазақмыс" кенішінің аумағынан ер адамның мәйіті табылды

567

"Қазақмыс" кенішінің аумағынан 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.  

"Қазақмыс" кенішінің аумағынан ер адамның мәйіті табылды Фото: sn.kz

Мәйіт табылған "Жомарт" кеніші Жезқазған қаласынан 300 шақырым жерде орналасқан. Бұл жерге тек жұмысшылардың кіруіне рұқсат етілген.

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша тіркелді. Барлық мән-жай анықталып жатыр",  - деп хабарлады Ұлытау облыстық полиция департаменті.

Қазіргі уақытта полицейлер күдіктілерді анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу