"Қазақмыс" компаниясы Ұлытау облысын дамытуға 35 млрд теңге бөледі

442

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы және "Kazakhmys Holding" ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай Ұлытау облысының әкімдігі мен "Қазақмыс" тобы арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.    

"Қазақмыс" компаниясы Ұлытау облысын дамытуға 35 млрд теңге бөледі Фото: inform.kz

Меморандумның негізгі мақсаты – Жезқазған қаласының инфрақұрылымын дамыту және абаттандыру бойынша тараптардың өзара қолдауы мен белсенді ынтымақтастығын қамтамасыз ету.

Қол қойылған меморандумға сәйкес "Kazakhmys Holding" ЖШС қызметі Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Ұлытау ауданында жалпы сомасы 35 млрд. теңгеге 22 жобаны іске асыру жолымен әлеуметтік тұрақтылықты күшейтуге бағытталатын болады. Меморандум аясында жақын жылдары Жезқазған қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, музыкалық драма театры мен балабақша сынды әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысандар салынады. Сәтбаев қаласы халқының денсаулығын қолдау мақсатында компания мұнда емхана мен жарақат пунктін салады.

Бұдан басқа, "Қазақмыс" мемлекеттік техникалық университеттің ашылуына және Ұлытау ауданында Мемлекеттік рәміздер алаңының құрылысына қатысады. Компания есебінен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған екі ғимарат (күндіз қабылдау орталықтары үшін) сатып алынады. Шаруашылық суының көтергіш сорғы станциясына жөндеу жүргізу жоспарлануда. "Қазақмыстың" қолдауымен Жезқазғандағы Кеңгір су қоймасы жағалауын абаттандыруға арналған эскиздік жоба әзірленеді, Тасбұлақ, Күмісбұлақ және Әулиетау тауларының бұлақтарын абаттандыруға арналған эскиздік жоба дайындалып, абаттандырылады. Меморандумда Қазақмыс қатысатын басқа да жобалар көрсетілген. Осылайша, компания Жезқазған қаласында 320 орындық балабақшаның құрылысын аяқтайды, Сәтбаев қаласында бірқатар нысандарды қайта құру және абаттандыру бойынша эскиздік жобалар дайындайды.

Тұрғын үй саласындағы мәселелердің әлеуметтік маңыздылығын назарға ала отырып, компания Жезқазған қаласындағы ұзаққа созылған құрылыс нысандарын аяқтайды. Осы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою тараптарға өзара іс-қимылды жаңа сапалық кезеңге шығаруға мүмкіндік береді және өңір халқының әл-ауқатының деңгейін арттыру негізгі басымдық болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу