"Қазақмыс" көпбалалы қызметкерлерін баспанамен қамтуды міндетіне алды

1169

Компания олар үшін 120 пәтер сатып алады. Оның ішінде 46 отбасы қоныс тойды биыл тойлайтын болады.

"Қазақмыс" көпбалалы қызметкерлерін баспанамен қамтуды міндетіне алды

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қарағанды облысының әкімдігі және "Қазақмыс Холдинг" ЖШС арасында үшжақтық меморандум түзілді. Құжатқа министр Бердібек Сапарбаев, облыс әкімі Ерлан Қошанов және компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай қол қойды, деп хабарлады министрліктік баспасөз қызметі.

Құжатта көрсетілгендей, "Қазақмыс" компаниядағы көпбалалы қызметкерлер мен аз қамтылған қызметкерлерді, жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуді міндетіне алады. Компания олар үшін 120 пәтер сатып алады. Оның ішінде 46 отбасы қоныс тойды биыл тойлайтын болады.

"Еліміздің Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша министрлік бизнес-қауымдастықпен және ірі кәсіпорындармен бірлесіп әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде. Осылайша, 2018 жылы жалпы сомасы 90 млрд.теңгеге 700-ден астам меморандум жасалды. Жалпы, соңғы 10 жылда бизнес-құрылымдар әлеуметтік жауапкершілік аясында әлеуметтік жобаларға, демеушілік пен қайырымдылыққа 300 млрд. теңгеден астам қаражат бөлді", – деп атап өтті министр.

"Қазақмыс Холдингі" ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай науқан атаулы және жүйелі түрде көрсетілетін әлеуметтік көмек болатынын хабарлады.

"Атап айтқанда, жаңа пәтерлерді тек Жезқазған қаласының тұрғындары ғана емес, сонымен қатар Сәтбаев, Балқаш және басқа да елдімекендерінде біздің кәсіпорындарда жұмыс істейтін қызметкерлер алады. Біздің тағы бір міндетіміз – қызметкерлеріміздің отбасыларына денсаулықтарын қалпына келтіруге, білім алуға жәрдемдесу", – деді Эдуард Огай.

Меморандумға қол қойылған соң 4-8 балалары бар 10 отбасыға пәтер кілттері табыс етілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу