Қазақмыс корпорациясы жыл басынан бері 151 мың тонна мыс өндірді

1700

Қазақмыс корпорациясы жыл басынан бері 151 мың тонна мыс өндірді

2017 жылдың сегіз айы ішінде "Қазақмыс" Корпорациясы" ЖШС катодтық баламада 151,2 мың тонна мыс өндірді. Бұл өткен жылдың (2016) сәйкесінше кезеңіндегі көрсеткіштен 8,9 мың тоннаға (+6%) жоғары, деп хабарлады kazakhmys.kz.

Жұмыс жүргізілген кезең қорытындысы бойынша кендегі мыстың орташа мөлшері 0,96%-ды құрады, бұл 2016 жылдың сәйкесінше кезеңіндегі орташа мыс мөлшерінен (0,94%) және жоспарланған мөлшерден 4,2%-ға жоғары.

2017 жылдың сегіз айы ішінде компанияның кәсіпорындары 18  млн 852, 341 мың тонна кенді игерді.

"Қазақмыстың" байыту фабрикалары 19 млн тонна кенді қайта өндірді. 2017 жылдың ішінде "Қазақмыс" Корпорациясы" ЖШС катодтық баламада 232,4 мың тонна мысты өндіруді жоспарлап отыр.

"Қазақмыс басшылығының алға қойып отырған маңызды басымдықтарының бірі қазіргі өндіріс көлемін сақтау ғана емес, сонымен бірге, компанияны стратегиялық тұрғыда дамыту болып табылады. Осы мақсатта біз операциялық тиімділікті арттыруға арналған "Қазақмыс-2020" арнайы бағдарламасын жүзеге асыруға кірістік. Аталмыш бағдарлама аясында компания кәсіпорындарында мыс өндірудің өзіндік құнын төмендету және еңбек өнімділігін көтеруге арналған бастамалар ендірілуде. "Қазақмыс-2020" бағдарламасын жүзеге асырумен компания қызметкерлері ішіндегі тәжірибелі әрі білікті жұмысшылар айналысуда. Бағдарламаны жүзеге асырудың арқасында біз өнімділіктің жасырын қорларын тауып қана қоймай, сонымен бірге, компанияны жаңа деңгейге көтеру үшін осы әлеуетті тиімді түрде қолдана алатынымызға мен сенімдімін", - деп атап өтті "Қазақмыс" Корпорациясы" ЖШС басқару кеңесінің бас директоры Бахтияр Қырықпышев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу