Нұрахмет Нұриев "Қазақмыс Холдинг" ЖШС Директорлар Кеңесінің шешімімен "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz компания сайтына сілтеме жасап.
Компанияның бұрынғы басшысы Эдуард Огай бұл шешім Ұлытау облысының құрылуына байланысты туындағанын атап өтті.
"Нұрахмет Қанатұлы Жезқазғанда жұмыс істейтін болады және орталық кеңсе осында орналасады. Біз біртіндеп Жезқазған қаласында орналасатын боламыз және компанияның қолданыстағы модельдегі шешім қабылдау орталығы да осында болады. Нұрахмет Қанатұлы жас маман болса да, тәжірибесі жеткілікті және ол бізден де жақсы нәтиже көрсетеді", - деді ол.
Нұрахмет Нұриев 1989 жылы дүниеге келді. Ұлыбританияда білім алған, Anglia Ruskin University іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие.
2011 жылдан 2013 жылға дейін Hamble Group-та қаржылық талдаушы болып жұмыс істеді.
2013-2015 жылдары Павлодар және Атырау қалаларында мұнай өңдеу зауыттарының құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеді.
2015-2019 жылдары "Майкубен Вест" ЖШС және "Шұбаркөл Премиум" АҚ көмір өндіруші кәсіпорындарында қаржы директоры, Бас директордың корпоративтік даму жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
2019 жылдан 2020 жылға дейін "Интергаз Орталық Азия" АҚ Тараз УМГ филиалы директорының орынбасары, "ҚазТрансГаз" АҚ тарифтер және инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
"Қазақмыс" корпорациясындағы еңбек жолын 2020 жылы жобалау тобының басшысы қызметінен бастады. Сол жылдың қыркүйек айынан бастап "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС аутсорсинг жөніндегі директоры қызметін атқарды.
2021 жылдың маусым айында "Қазақмыс Смэлтинг" ЖШС Бас директоры болып тағайындалды.